Қазіргі кезде кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетіп, төлем жасай бастаған.
"Төлемдер Үкімет резервінен, сондай-ақ жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Биылғы жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 1 630 өтініштің 1 192-сін мақұлдады", – деді Роман Скляр.
Қалған 438 кәсіпкер бағалау рәсімдері аяқталғаннан кейін өтемақы алады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында мемлекеттік органдардың 42 ғимараты зардап шекті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады.
Қазіргі кезде республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге 28 млрд теңге жұмсалған. Сондай-ақ бүкіл нысандарға техникалық байқау жүргізілген.
"Нәтижесінде, 28 ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және қайта жарақтау қажет екені анықталды. Бүгінгі таңда 21 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, қалған 2 нысанға мамыр және маусым айларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеу және қайта жарақтауды қажет ететін 14 мемлекеттік нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кестеге сәйкес 7 ғимарат бойынша жұмыстар наурыз айында, 5 нысан бойынша биылғы жылдың маусым айында аяқталады", – деді Ромен Скляр.
Құралай Құдайберген