"Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

148

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

"Нәтижесінде, 8 “Калашников” автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу