Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған құны 10 миллион теңгелік қымбат қару табылды

454

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 миллион теңгелік қымбат қару табылды.  

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған құны 10 миллион теңгелік қымбат қару табылды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Табылған заттардың ішінде кез келгеннің қолына тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да бар. Тексеру барысында бұдан бөлек, 2 мылтық карабині, Макаров тапаншасының 10 оғы тәркіленген. Ол "Қорған" қару дүкеніне тиесілі болуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу