Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ірі компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылған

Ол үшін қылмыстық істер бойынша салық төлеушіні "жәбірленуші" деп тану туралы қаулысының көшірмесі керек.  

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ірі компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылған Фото: za

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне ірі кәсіпкерлік субъектілері төтенше жағдай кезінде шеккен залалын ескеруі бойынша өзгерістер енгізілген. Аталған норма 2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста", – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдай нәтижесінде тауарлары бүлініп, жоғалған жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілері корпоративті табыс салығы бойынша төтенше жағдай кезеңінде келтірілген залал сомасын шегере алады.

"Сәйкесінше, осындай шығындар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде ескеріледі (салықты кеміту бөлігінде). Ол үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органның төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша салық төлеушіні жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі, сондай-ақ тауардың бүлінгенін, жоғалғанын растайтын құжаты және салық тіркелімінде осындай тауарлардың бүлінгені, жоғалғаны туралы мәліметтің көрсетілуі керек. Сонымен қатар бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын төмендетпеуге құқылы", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу