Қаңтар оқиғасында жеңіл қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді

537

Мәжіліс "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасында жеңіл қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді Фото: Әсет Құндақбаев

"Заң жобасына сәйкес, 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағандарға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады. Осы себеппен сотталғандар жазадан босатылады, ал жазасын өтеген адамдардан сотталғандығы алынады", – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ауыр қылмыс жасаған адамдарға сот тағайындаған жаза  ¾-ке, аса ауыр қылмыстар бойынша жаза  ½-ге қысқартылады. Сотталғандардың Рақымшылық жасау туралы заң қолданысқа енген күнге жазасын өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, негізгі жаза оның бүкіл өтелмеген мерзімі бойынша қысқартылады.

"Қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған, террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, азаптау, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды", – делінген ақпаратта.

Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға рақымшылық жасау туралы  Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу