Қаңтар оқиғасы: “Көктөбе”телемұнарасына шабуыл жасағандар ұсталды

1248

Күдіктілер мылтықпен екі рет оқ атып, бейбіт тұрғынды жаралаған. 

Қаңтар оқиғасы: “Көктөбе”телемұнарасына шабуыл жасағандар ұсталды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Қылмыскерлер 2022 жылдың 6 қаңтарында телехабар ұйымдастыру мақсатында "Көк төбе" телемұнарасын басып алуды жоспарлаған. Олар бұл ретте бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға итермелеп, олардың өміріне қастандық жасамақ болған", – деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Күдіктілен 1992 жылы туған жігіттерді өздерімен бірге еруге көндірмек болған. Алайда олардың бірі бас тартқан. 

“Қылмыскерлер оған шолақ мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленушінің қолына және шап аймағына оқ тиіп жараланған”, –деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу