Қаңтар оқиғасы құрбаны отбасына қаржылай көмек көрсетілді

427

Жамбыл облысында жесір қалған ана өтініш білдірген. 

Қаңтар оқиғасы құрбаны отбасына қаржылай көмек көрсетілді Фото: inbusiness.kz

Отбасыға жергілікті билік, қорлар қаржылай көмек көрсетті, оқушылар киім-кешекпен қамтамасыз етілді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Жамбыл облысының тұрғынынан отбасының жалғыз асыраушысы – күйеуінен айырылғанына байланысты қаржылай көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті.

Азаматшаның кәмелетке толмаған үш баланы жалғыз тәрбиелеп жүргені, қаржылық жағдайы қиын екені белгілі болды", — ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз хабарламасында.

Өтініш түскеннен кейін, Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық Жамбыл облысының әкімдігіне осы жанұяға материалдық қолдауға жәрдемдесу туралы жүгінді.

Нәтижесінде отбасыны Жамбыл облысының әкімдігі қолдап, "Әулие-Ата-Демеу" корпоративтік қоры және басқа да демеушілер қаржылай көмек көрсетті, оқушылар киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу