Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге қатысқан 98 адам шартты мерзімге сотталды

602

Қызылорда облысында "Қаңтар оқиғасы" кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 136 адамға сот үкімі шыққан. Соның басым көпшілігіне жеңілдетілген жаза тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге қатысқан 98 адам шартты мерзімге сотталды

Дүрбелең кезінде арандатушылыққа еріп, ауыр емес қылмыстық әрекетке барған 98 сотталушы шартты мерзімге кесілсе, 33-і шектеу жазасын алған.

Ал жаппай тәртіпсіздік кезінде базар және ломбардты тонап, үлкен залал келтірген 5 адам бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ әлі жеті іс сотта қаралып жатыр.

Президент өз Жолдауында "Қаңтар оқиғасы" бойынша айыпталушыларға рақымшылық жасауды ұсынған.

– Егер ол жарияланса, жеңіл жаза арқалағандардың рақымшылыққа ілінуіне мүмкіндік мол, – дейді заң өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу