Қаңтар оқиғасы: Полиция басшылары жауапқа тартылып жатыр

1358

Алматы әуежайына шабуыл жасалғанда онда қаруы бар 165 қауіпсіздік қызметкері болған.

Қаңтар оқиғасы: Полиция басшылары жауапқа тартылып жатыр

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде міндетін адал атқармаған полиция басшылары жауап тартылып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, осыған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары ұсталғаны хабарлаған.

"Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болды және қару арсеналының бір бөлігін тонауға жол берді. Салдарынан қылмыскерлердің қолына 610 қару түсті. Оның ішінде автоматтар, тапаншалар, гранатометтер болды. Бүгінде тек 206 қару табылды. Қалғаны қылмыскерлердің қолында", – деді Бас прокуратура өкілі ОҚК-де өткен брифингте.

Елдос Қилымжанов Алматы халықаралық әуежайының желілік полиция бөлімінің басшысы да ұсталғанын атап өтті.

"Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді", – деді Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы әуежайға шабуыл жасалғанда онда 165 қауіпсіздік қызметкері болғанын айтты.

"Оның ішінде 40 полицей, 65 шекарашы, 60 авиация қызметкері бар. Олардың барлығы шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген", – деді Елдос Қилымжанов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу