Президент қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың арасында қауіпті қылмыскерлер барын еске салды

1749

Ол қамауда отырған кейбір адамдарды жазықсыз деп ойлау қате деген пікірде.  

Президент қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың арасында қауіпті қылмыскерлер барын еске салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың арасында қауіпті қылмыскерлер барын еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бұзақыларға қатысты мәселеге тоқталайын. Кейбір адамдар жазықсыздарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды. Бірақ мынаны ұмытпауымыз керек. Олардың ішінде лаңкестер де, қылмыс жасаған азаматтар да бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ қазір бәрі бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді?", – деді Президент Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу