Қаңтар оқиғасы: Ресми мәліметте азаптаудан 6 адам қаза болған

885

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында журналистерге қаңтар оқиғасы бойынша кейінгі жаңалықтарды айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтар оқиғасы: Ресми мәліметте азаптаудан 6 адам қаза болған

"Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында – 232 адам қаза тапты. Одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты", – деді Шындалиев. 

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қаза тапқандардың аты-жөні тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады", – деді Әсет Шындалев. 

"Шынымен 232 адамның тізімі белгілі ме?", – деп сұрады журналистер.

"Енді тергеу жүргізіп жатсақ, біз білетін шығармыз", – деп жауап берді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу