Қаңтар оқиғасы: Саят Әділбекұлына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

733

Саят Әділбекұлы 5 қаңтарда дәрі-дәрмек аламын деп сыртқа шыққан кезде оқ тиіп жараланған. Ауруханада жатқызылғанына қарамастан, оны полиция алып кеткен. Ол тергеу изоляторында азапталғанын мәлімдеген.

Қаңтар оқиғасы: Саят Әділбекұлына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылған Саят Әділбекұлына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мені қорғап, сол қаңтар күндерінен бері маған және отбасыма көмек қолын созып, қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтқым келеді. Қолдағы барым үшін Алла тағалаға алғысым шексіз. Ол маған сіздерді жіберді. Сіздердің көмектеріңізбен қылмыстық қудалауды тоқтатуға қол жеткізіп, өзімді ақтап алдым!", – деп жазады Саят Әдібекұлы өзінің Facebook парақшасында. 

"1992 жылдың 9 тамызында туған Саят Әділбекұлына қатысты Алматы қаласы аумағындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 2-бөлігінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуы дәлелденбегендіктен, қылмыстық қудалау тоқтатылсын", – делінген Алматы прокуратурасының қаулысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу