Бұл бағытта Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары бірлесіп іске кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мәселен, Шымкенттің Тұран ауданында автожол маңындағы арықтан қару-жарақ жасырылған орын анықталды. Онда 3 аңшылық мылтық, бір аңшылық мылтықтың кесіндісі және тапанша табылған. Мылтықтардың бірінің 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Осыған ұқсас жағдай Петропавлда да тіркелді. Қала аумағындағы ашық жерден аңшылық мылтық, нөмірлері өшірілген 2 аңға аулауға арналған мылтықтың кесіндісі, бронежилет және 27 дана оқ-дәрі табылған.
Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
Сондай-ақ ведомство 20 сәуірден бастап жыл соңына дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіп жатыр. Бүгінде азаматтар акция аясында шамамен 900 дана түрлі қару және 6 мыңға жуық оқ-дәрі тапсырған.