Қаңтар оқиғалары кезінде Талдықорғанда полиция қызметкерлерінің 23 азаматты азаптағаны дәлелденді

720

5 полиция қызметкері күдікті деп танылды.

Қаңтар оқиғалары кезінде Талдықорғанда полиция қызметкерлерінің 23 азаматты азаптағаны дәлелденді

Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасуда. Бас прокуратура 23 адамның азапталғаны дәлелденгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылған. Оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар.

"2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын", – дейді прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу