Депутат қаңтар оқиғасына қатысты халық көкейінде әлі де жауабы жоқ сұрақтар жеткілікті деп есептейді.
"Мәселен, "мұны ұйымдастырған кімдер, қаскөйлердің негізгі мақсаты не болды", "Қаңтар оқиғасы қандай зақымдар мен шығындар келтірді", "лауазымдық міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, кездейсоқ қаза болған азаматтарымыздың жақындарына көмек көрсету бойынша қандай жұмыстар жүргізілді", – деп сұрады депутат.
Осыған орай Еділ Жаңбыршин тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар, жылдың басында Мәжілістің алғашқы жалпы отырысына келіп, жоғарыда айтылған және басқа да сауалдарға бүкпесіз ашық жауап беруін талап етті.