Қаңтар оқиғасына байланысты полиция қызметкерлері де тергеліп жатыр

583

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандарды тергеу барысында күш көрсеткендердің ісі елеусіз қалған жоқ. Бұл туралы Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу туралы өткен брифингте Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі

Қаңтар оқиғасына байланысты полиция қызметкерлері де тергеліп жатыр

“Қауіпсіздік күштері тарапынан тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері тіркелді. Ұсталғандарға дене жарақатын келтірген Алматы облысы полиция департаментінің бірқатар қызметкерлеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр”, - деді Елдос Қилымжанов.

Сонымен қатар, оқиға кезінде әрекет етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. 

"Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы, қарсылық көрсетпей, қызметкерлер қару-жарақ пен оқ-дәрілер орналасқан Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарын тастап кеткен фактілері де болды. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік комитетіш көрсеткен  департаменттерінің лауазымды тұлғалары да әрекетсіздік танытты", - деді Елдос Қилымжанов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу