Қаңтар оқиғасына байланысты Талдықорған халқымен кездесемін – Жанарбек Әшімжан

1343

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан ертең Талдықорғанға қаңтар оқиғасына байланысты іссапарға барып, тұрғындармен кездесетінін мәлімдеді.  

Қаңтар оқиғасына байланысты Талдықорған халқымен кездесемін – Жанарбек Әшімжан

"Орынсыз, нақақ жала жабылып жатқан, таяққа түскен бірнеше іске қатысты Президент нақты тапсырма берді. Сөйтіп бірнеше азамат босатылды. Ал енді соққыға жығылып жатқан ауыр азаптаулар қоғамның да, елдің де, жеке азамат ретінде менің де жаныма батады. Ертең Талдықорғанға осы оқиғаға байланысты іссапарға барып, тұрғындармен кездесемін. Елімізде қылмыс жасағаны да, қылмысқа қатыстылығы да заң шеңберінде қаралуы керек. Ал қызметін асыра пайдаланған тиісті ведомство өкілдеріне заң жүзінде бағасы берілуі тиіс. Прокуратура осындай мәселеге байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берген болатын, – деді Жанарбек Әшімжанов мәжіліс қабырғасында журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу