Қаңтар оқиғасына белсенді қатысқан 585 адам қамауда отыр

800

Бүгінде 243 адам сотталған.

Қаңтар оқиғасына белсенді қатысқан 585 адам қамауда отыр

Елдегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 585 күдікті қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, 243 адам сотталды. Бүгінде 585 күдікті қамауда отыр. Олар қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқан. Әрбір қамауға алынған күдіктінің осы іске қатысы бар туралы жеткілікті мәліметтер бар", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу