Қаңтар оқиғасына дейін экстремизм мен терроризм жылда азайып келе жатқан

2024

Қаңтар оқиғасына дейін "экстремизм" мен "терроризм" бес жыл қатарынан қысқарып келе жатқан. Кейінгі бес жылда 8%-ға азайған екен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеп.

Қаңтар оқиғасына дейін экстремизм мен терроризм жылда азайып келе жатқан

Елде 2021 жылы экстремизм мен терроризмге байланысты 192 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,7%-ға аз болған. 

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі болған (23 жағдай). Атырау облысы мен Шымкент антиллидерлердің үштігінде енген (екеуінде 21 жағдайдан).

Ресми мәліметке сүйенсек, Қостанай облысында 1 жағдай тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысында мүлде болмаған.

Мұндай "заңға қайшы" әрекеттің ішінде көп жағдай (61 жағдай) "терроризмді насихаттау" немесе көпшілік алдында терроризм актілерін жасауға шақырумен байланысты.

Ал одан кейін 58 жағдай "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" деген бапқа, 50 жағдай "экстремизм немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу" деген бапқа қатысты болды.

Елдеге барлық құқық бұзушылық әрекеттің 88 пайызы осы аталған баптармен байланысты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу