Қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін ұсталған азамат ішін тіліп жіберген

588

Әлеуметтік желіде оның мәлімдемесі түсірілген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін ұсталған азамат ішін тіліп жіберген

"Видеода қаңтар оқиғасы бойынша күдікті Смағұлов Дәулет Төлегенұлы өзін заңсыз қамауда отырғанын айтты. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған", деп жазылған видео астына.

Видео авторы (тұтқынның жұбайы болса керек) оның қаңтар оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша айыпталып отырғанын жазған. 

"Тәртіп сақшылары кінәсін дәлелдей алмайды. Тергеу жұмыстары алты ай бойы жүріп жатыр, еш нәтиже жоқ. Осыған дейін Ерлан мойнын кесіп жіберген", – дейді бейнежазба авторы.

Іші мен қолы кесілген тұтқын уақытша ұстау изоляторына оралған соң өз өзіне қол салатынын айтқан. Ер адам өзін заңсыз ұстағанына налып, полицияда дәлел жоқ болғандықтан, оның өз кінәсін толық мойындағанын қалайтынын жеткізді.
Сондай-ақ ұсталған азамат полицейлер азаптап, соққыға жықты, дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу