Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Елдос Қилымжанов.

968

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметідегі брифингте айтты.  

 Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Елдос Қилымжанов.

"Бас прокуратура қаңтар оқиғасында болған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып келеді. Бүгінгі күні 2 752 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ал 91 тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болған, кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін және радикалды діни ағымдардың жақтаушылар. Күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әрқайсысының іс-әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындау және тергеуге көмек көрсетуі ескеріледі.

Осы негіздермен прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Өз кезегінде сот та 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды", - деді Елдос Қилымжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу