Қаңтар оқиғасына қатысты 5 мыңнан аса қылмыстық іс тіркелді

580

Бас прокуратура Қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда.  

Қаңтар оқиғасына қатысты 5 мыңнан аса қылмыстық іс тіркелді Фото: ortcom.kz

Бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде өткен "Қаңтар оқиғасы": тергеу барысы туралы" брифингте Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов тергеу нәтижелеріне қатысты мәліметтерді жария етті, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары ел бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық істі тіркеді.

"Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда. 471 адам сотталды", - деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, тергеу органдары Қаңтар оқиғасы кезінде "Айшуақ", "Жантүгел" және "Жумагелдиев" қылмыстық топтар мүшелері қатысқанын анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу