Қаңтар оқиғасына қатысты істер алқабилер сотында қаралады

Сонымен қатар жол көлік оқиғаларына қатысты істер де алқабилер қарауына өтуі мүмкін.  

Қаңтар оқиғасына қатысты істер алқабилер сотында қаралады Фото: aikyn.kz

Мәжіліс отырысында "Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Депутат Берік Бекжановтың айтуынша, заң жобасымен қоғамда үлкен резонанс тудырып жүрген көлiк жүргізу ережелерін бұзу және алкоголь, есірткіні тұтынып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуға қатысты істерді алқабилер сотына беру көзделген.

Ресми статистикаға сәйкес, бұл фактілер бойынша 2021 жылы барлығы 98 қылмыстық іс қарастырылса, биылғы 9 айда олардың саны 85-ке жетіп, қоғамның қызу талқысына түскен.

"Жылдың басында болған қаңтар оқиғасын ескеріп, азаптауға қатысты істер де ерекше назарға алынды. Мұндай істер ашықтықты талап етеді. Президент азаптауға қатысты істер бойынша бейтарап және объективті тергеу жүргізуді қамтасыз етуді тапсырды. Ол істер тек ел ішінде ғана емес, халықаралық ұйымдардың жіті назарында. Оған қоса, бұл қылмыс санатының саны да жылма жыл өсіп келеді: 2020-2021 жылдары 6 іс қаралса, биыл 9 айда 5 іс қаралды. Сондықтан бұл істерді қарауды алқабилерге беру қоғам талабына сай шешім болады", - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу