Қаңтар оқиғасына қатысты жалған ақпарат тарату бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

752

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысты жалған ақпарат тарату бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

"Әлеуметтік желілерде фейктер, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы ақпарат таратылуда. Әрбір факт жан-жақты тексерілуде. Қылмыстық кодексте жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 іс тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды", – деді спикер.

Еске сала кетсек, Ішкі істер органдары қаңтар оқиғаларына қатысты 1 260 қылмыстық істі тергеуде. Сонымен қатар Бас прокуратура тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін ақша төленген деп мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу