Қаңтар оқиғасына қатысы бар 152 адам сотталды – Бас прокуратура

758

Қаңтардағы тәртіпсіздік бойынша Қазақстанның тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазды inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 152 адам сотталды – Бас прокуратура

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда.

"152 адам сотталды.  Кінәсін мойындау және келтірілген зиянды өтеуге байланысты 135 азаматқа бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.  Ұрлық және қару сақтаумен байланысты ауыр қылмыстарды жасаған, келтірілген зиянды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 сотталушыға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу