Қаңтар оқиғасына қатысы бар алты павлодарлық сотталды

748

Олар әкімдікке 2 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар алты павлодарлық сотталды

Кеше Павлодар қалалық №2 соты алты азаматтың қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмыстарын қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Күдікке ілінген азаматтардың төртеуі – Павлодар облысының, екеуі Қытай мен Моңғолияның тумалары. Олардың біріне ұйымдастырушы, басқаларына қатысушы ретінде айып тағылды. Күдіктілердің ең жасы – 22-де. Үлкені 30 жастан асқан.

Тергеушілер анықтағандай, алты азамат әкімдікке 2,1 млн теңге көлемінде залал келтірді. Сондай-ақ әкімдікке қызмет көрсететін жергілікті кәсіпорындардың біріне 227 мың теңге, тұрғындардың біріне 456 мың теңге шығын әкелді.

"Қоғамдық қауіптің деңгейін ескере келе, бір күдікті алты жылға, бірі төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш азаматқа шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалған бір айыпталушының бостандығы бір жарым жылға шектелді", – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу