"Қаңтар оқиғасына" қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталды

220

Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 

"Қаңтар оқиғасына" қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталды Фото: бейнеден скриншот

Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды.

40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу