Қаңтар оқиғасына Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары қатысқан

Экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды.  

Қаңтар оқиғасына Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары қатысқан Фото: ult.kz

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тәртіпсіздікке қатысушылардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікті ретінде шетелдіктер де танылған. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар", - деді Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталған.

"Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Одан бөлек, күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар", - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу