Қаңтар оқиғасынан кейін заңды майнерлердің "көлеңкеге" кеткені рас па?

1161

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрі Болат Ақшолақов осындай сұраққа жауап берді.

Қаңтар оқиғасынан кейін заңды майнерлердің "көлеңкеге" кеткені рас па?

"Заңды майнерлердің "көлеңкеге" кетіп жатқаны және басқа әрекеттері туралы мәлімет жоқ менде. Өйткені бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзырындағы шаруа. Әзірге майнерлердің өтінімін қайтып алғанын байқаған жоқпын. Қазір тұтынып отырған 680 МВт қуаттан бас тартқандар болған жоқ", – деді Болат Ақшолақов. 

Оның айтуынша, майнерлер "1 кВТ электр қуатына 1 теңге ғана тариф төлейді" деген мәлімет – жалған. 

"Майнерлердің 1 кВТ электр қуатына 1 теңге салық төлейтінін, электр тарифімен шатастырмау керек. Бұл жерде электр тарифі емес, майнерлердің салығы осындай мөлшерде", – деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу