Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 97 млн теңге төленді

788

"Қазақстан халқы" қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккен қазақстандықтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 97 млн теңге төленді

"Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне қор ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін мәртебесін құзырлы орган растады. Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған", – деп жазылған қор таратқан хабарламада.

Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәлімет түскеннен кейін жүргізілген. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы – 97 млн теңге. 

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 млн теңгеден төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу