Қаңтар оқиғасында адам азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты

478

Бостандық ауданына қарасты №2 сотта азаптау фактісі бойынша Х., Б. және Қ.атты полицейлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс қаралды (ҚР Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы).      

Қаңтар оқиғасында адам азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты Фото: aikyn.kz

"Былтыр қаңтарда көлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Р. атты азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қ. атты полицей Р.-ны одан әрі тергеп-тексеру үшін Б және Х. атты полиция қызметкерлеріне тапсырды. Б. және Х. Р.-ны тәртіпсіздікке қатысты деп есептеген. Олар зардап шеккен әріптестері үшін кек алу мақсатында Р.-ға физикалық қысым көрсетіп, күш қолданып, азаптады. Қ. әріптестерінің қылмыс жасағанын біле тұра, оны басшылыққа жеткізбеді", - деп жазылған Алматы сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Судья шешім қабылдау кезінде Б-ның балалары барын ескерді.

"Сот үкімімен Б. және Х. атты сотталушылар Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Қ. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды әрі бас бостандығы 1,6 жылға шектелді", - деп жазылған соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу