Қаңтар оқиғасында адам тонап, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан өскемендік 5 жылға сотталды

512

Күдікті ұсталған кезде полиция одан атыс қаруын тәркілеген.  

Қаңтар оқиғасында адам тонап, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан өскемендік 5 жылға сотталды Фото: ortcom.kz

Осыған байланысты сот ісі Өскемен қалалық сотында қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан айыпталушы адам тонаған.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Адамға қауіпті емес күш қолданамын деп қорқытып жасалған тонау), 287-бабы 1-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты сот ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ",  делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу