Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкенін тонады деп айыпталған азаматқа жаза тағайындалды

542

Сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті. 

Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкенін тонады деп айыпталған азаматқа жаза тағайындалды

1 шілдеде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенін тонады деп айыпталған Әлібек Иманбековты алты жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды inbusiness.kz.

Оған Қылмыстық кодекстің 291-бабы "Қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" бойынша айып тағылған.

"Әлібек Иманбеков тергеу кезінде қысым жасалды" деп өзін ақтап алғысы келді. Оның қару-жарақ ұрлағаны дәлелденді", – деді судья Қайрат Иманқұлов.

Өз кезегінде сот процесіне қатысқан айыпталушының адвокаты сот шешіміне келіспейтінін, міндетті түрде шағым түсіретінін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу