Қаңтар оқиғасында пайдаланылған қару-жарақ Мәжіліс ғимаратында көрмеге қойылды

Онда қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар көпшілік назарына ұсынылған.  

Қаңтар оқиғасында пайдаланылған қару-жарақ Мәжіліс ғимаратында көрмеге қойылды Фото: halyq-uni.kz

Мәжіліс ғимаратында қаңтар оқиғасына қатысты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Алматы қаласы және Жамбыл облысынан алынған экспонаттар қойылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі тәркіленген қару-жарақтарды, бүлінген полиция киімдерін және қаңтар оқиғасының басқа да заттай айғақтарын ұсынды.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы барысында ел аумағында тоналған нысандар, қираған ғимараттар, өртенген көліктер және басқа да нысандар бойынша арнайы фото көрме де ұйымдастырылды.

Ресми мәлімет бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша 238 адам қаза тапты. Алматы қаласында қайтыс болған адам көп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу