"Жыл басынан бері прокурорлар қаңтар оқиғасының себептерін, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларды анықтауға жұмылдырылды. Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, ұрлық жасаған, қару сақтаған 717 адам сотталды", - деп мәлім етті Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, құзырлы орган сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері азайғанын мәлім етті.
"Тергеу сатысындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 1 077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды. Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, 130 сотталушыға тиісті жағдай жасалып, 15 күдікті ақталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтар оқиғасына қатысты 83 адам бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін жазып едік.