Қаңтар оқиғасында ұрланған мылтық жамбылдық тұрғыннан тәркіленді

522

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған мылтық 27 жастағы Жамбыл облысының тұрғынынан тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz  polisia.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасында ұрланған мылтық жамбылдық тұрғыннан тәркіленді

– Ұстау іс-шарасы Әуезов ауданының аумағында болды. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы К. есімді азамат ұсталды. Қылмыскердің олжасы 12 калибрлі SIBERGUN тегіс ұңғылы мылтық болды. Заттай айғақтар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 291-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына біріктірілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған азамат бұған дейін де тонау фактісі бойынша сотталған. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу