Қаңтар оқиғасында залал келтірілген көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

858

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

Қаңтар оқиғасында залал келтірілген көлік иелеріне 258 млн теңге төленді

"Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне келтірілген шығын өтеледі. Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар", – деп жазылған хабарламада.

Өтініштерді аудандық әкімдіктер қарайды. Бұған түскен күннен бастап 1 ай уақыт белгіленген. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 тәулікте белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу