Қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды

750

Барлығы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданды.

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды Фото: Максим Морозов

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев елордада өткен есеп беру отырысында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-ті жұмыс істейді. Сондықтан бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлініп, 46,9 млрд теңгеге дейін  ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды", – деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. 

Нәтижесінде, 1 маусымда жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ға өсті.

"Қаңтар оқиғаларында зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды. Барлығы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданды", – деді мегаполис басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу