Қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ Астана мен Щучьеден табылды

247

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ Астана мен Щучьеден табылды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы шілде-тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучье қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 

Астанада жүргізілген тінту барысында қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған 2 "Калашников" автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде — 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды. 

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жалпы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 

41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді. 

Қарудың заңсыз айналымымен күрес шаралары жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу