"Қаңтар оқиғасының" тергеу барысы: "Бұл күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс"

774

Құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасында адамдардың қаза болу фактілері бойынша 200-ден астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қаңтар оқиғасының" тергеу барысы: "Бұл күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс"

"Барлық осы жағдайлар бойынша нақты мән-жайды анықтау бойынша кешенді шаралар қабылданды. Бұл күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс. Қолда бар бейнежазбалар бойынша оларды сәйкестендіруге бағытталған жан-жақты жұмыстар жүргізілуде", – деді Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ спикер 10 мыңнан астам азаматтан жауап алынғандығын да мәлімдеді. Мыңдаған күрделі сот-сараптамасы жүргізіліп жатыр.  

"Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам қаза болды. Олардың ішінде қылмыскерлер әрі кінәсіз адамдар да бар. Бүгінде 176 адамның қаза болу мән-жайларын анықтадық. Тергеу жалғасуда. Оның ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қаза болған 19 құрылымдық күш қызметкерлері бар. Олар қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік объектілерді қорғауда өз қызметтік міндеттерін орындауда қаза тапты. Ал кейбіреулері жаппай ұрып-соққылауға тап болды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері өз борыштарын атқарып, жаппай ұрып-соғу, көлік құралдарымен басып өту салдарынан және қарусыз бола тұра оларға тікелей оқ ату нәтижелерінде қаза болды", – деді Бас прокуратура өкілі. 

Елдос Қилымжанов Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан подполковник Хайыровтың қатыгездікпен өлтірілгендігін атап өтті. Әскери қызметішінің мәйіті ғимараттың шатырында анықталған. 

"Зорлық-зомбылықпен өлтіруден кейін қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін денесін өртеп жіберген. 39 жастағы офицердің отбасы мен 2 кәмелетке толмаған балалары қалды", – деді спикер.

Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Атырау қалаларында әкімдік, полиция, резиденция, телемұнара ғимараттарына, дүкендер мен өзге де объектілерге қарулы шабуыл жасау кезінде 92 адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу