Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% болды

716

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы. Ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% болды
  • Биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ды құрады.
  • Нақты сектордағы өсім 5,1%.
  • Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін ұлғайды.
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ды құрады. 
  • Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3%-ға өсіп, $28,7 млрд жетті. 
  • Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті.
  • Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,4%-ға ұлғайды.
  • Құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5%-ға өсті.
  • Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 2,4%-ға өсіп, 3,6 млн шаршы метрді құрады.
  • Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,9%-ға ұлғайды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу