Әлемде қаңтар айында бұрын-соңды болмаған жоғары температура тіркелді. Мамандар бұл табиғи өзгерістің әлі басы екенін айтады. Демек бұл рекорд әлі жаңара түседі. Ең сорақысы - жаһандық климаттың өзгеруімен күресте мемлекеттердің ортақ шешімі жоқ. Ғалымдар соған алаңдаулы. 2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болып тіркелгеннен кейін мамандар 2024 жыл да рекордтық температуралармен есте қалатынын ескерткен. Айтқандары дөп келді. Өткен айдағы орташа температура 1850-1900 жылдардағы деңгейден 1,66 градусқа жоғары болып шықты. Ақпанның алғашқы күндерінің өзінде де аномальды температуралар тіркелді. Сарапшылар жазда жағдай одан да қиындайтынын болжайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу