Қаңтарда импорттық тауар қымбаттады

939

Қаңтарда импорттық тауар қымбаттады

Қаңтар айында экспортқа шығатын тауар бағасы 0,2 пайыз өсіпті, ал импорттық тауар бағасы 0,9 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

Бір айда экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 12,5%, мысқа – 11,6%, марганец кендеріне – 8,2%, көмірге – 5,1%, мұнайға 1,1%-ға жоғарылады. Мырыш бағасы 2,9% өсіпті, алюминий бағасы керісінше - 2,5%-ға, қара металл кендері1,4% арзандаған. Бағаның арпаға - 0,7%, мақтаға 0,4%-ға жоғарылауы, бидайға – 1,1%, жүнге 0,5%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден маргарин – 2,7%, макарон өнімдері – 2,4%, шұжықтар – 2%, сүт өнімдері – 1,6%, кондитерлік өнімдер – 1,5%, көкөністер 0,6%-ға қымбаттады. Какао – 2,5%, кофе – 1,4%, балық – 1,2%, шай 1%-ға арзандады. Темекі бағасы – 17,1% төмендеген. Сүрек – 2,1%, тоқыма бұйымдары – 1,9%, аяқкиім 1,2%-ға жоғарылады, шиналар 0,7%-ға арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу