Қаңтарда Қазақстанның сыртқы борышы 167 миллиард доллардан асты

698

Қаңтарда Қазақстанның сыртқы борышы 167 миллиард доллардан асты

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 млрд АҚШ долларын, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 105,9%-ды құрады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Сыртқы борыштың құрылымында бұрынғыша, 62%-ы фирмааралық берешекке, 26%-ы "Басқа секторлардың" байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышына, 8%-ы мемлекеттік сыртқы борышқа (үкімет және Ұлттық банк), 4%-ы "Банктер" секторының (ЕДБ және "Қазақстанның Даму банкі" АҚ) сыртқы міндеттемелеріне тиесілі.

Фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және 2017 жылғы 4-тоқсанның соңында Қазақстан аумағында ірі мұнайгаз жобаларын іске асыратын шетел компанияларының сыртқы борышының 64%-ын құрайды.
Таза сыртқы борыш борыштық құралдар бойынша сыртқы активтерді шегере отырып борыштық құралдар (сыртқы борыш) бойынша сыртқы міндеттемелерді білдіреді. Борыштық құралдарға несиелер мен қарыздар, сауда кредиттері мен аванстар, қолма-қол валюта мен депозиттер, арнайы қарыз алу құқықтары және басқа да талаптар/міндеттемелер жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу