Қаңтарда қолды болған қарулар табылып жатыр

1131

Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қоймасынан ұрланған қаруларды қайтару үшін жедел-іздестіру шаралары тоқтаған жоқ. 

Қаңтарда қолды болған қарулар табылып жатыр

Полиция қызметкерлері 22 дана қару мен 800-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып, тәркіледі.

Қайта тапқан қару-жарақтың – 3-еуі жарық-шу гранатасы, 1-еуі травматикалық қару, тағы біреуі тапанша, 2 карабина, 3 автомат, 12 аңшылық мылтық. Сондай-ақ 2 газ тапаншасы, 1 тегіс ұңғылы помпалық мылтық бар.

Қазір табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Облыстық Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлағандардың аты-жөні жария етілмейтініне сендіріп отыр. Ал оны өз еркімен тапсырғандарға, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу