Қаңтарда медициналық сақтандыру қорына 6 миллиард теңгеге жуық қаржы түскен

945

Қаңтарда медициналық сақтандыру қорына 6 миллиард теңгеге жуық қаржы түскен

Қаңтар айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2018 жылдың 1-31 қаңтары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 6 млрд теңге аударылған. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 қаңтары аралығындағы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің міндетті медициналық сақтандыруға аударған аударымдары мен жарналары 38 млрд теңгені құрады.  Оның   31,3 млрд теңге (шамамен 82,4%) жұмыс берушілердің аударымдары, 6,7 млрд теңге (шамамен 17,6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасаушылардың жарналары.
Өңірлер арасында көп сома бұрынғысынша Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түсуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу