Биылғы қаңтар айында мемлекеттік бюджет бойынша кірістер 1 733 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Кірістердің өсуі салық түсімдерінің оң динамикасымен қамтамасыз етілді (+348,2 млрд теңге). Осы тұста трансферттер түсімдері 67 млрд теңгеге немесе 22,2%-ға азайған.
"2023 жылғы қаңтарда салық түсімдерінің құрылымында ең үлкен өсім көрсетілді:
Қосымша құн салығы – 111,7 млрд теңгеге өсім (59,9%);
Корпоративтік табыс салығы – 131,3 млрд теңгеге өсім (26%);
Жеке табыс салығы – 27,2 млрд теңгеге өсім (24,4%);
Шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждар – 1,7 млрд. теңгеге өсім (1,2%)", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет балансы 122,5 млрд теңге профицитпен қалыптасты. Оған қарамастан өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда профицит номиналды мәнде 77,3 млрд. теңгеге немесе 38,7 пайызға азайды.