Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем өлімі: Әскери сот істі қарап жатыр

413

Сот отырысы 26 шілдеге белгіленген.

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем өлімі: Әскери сот істі қарап жатыр Фото: Ак Жайык

Алматы гарнизонының әскери соты Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкоркем Мелдеханның өліміне қатысты қылмыстық істі қарауды бастады, деп жазады inbusiness.kz Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Алматы гарнизонының әскери соты әскери қызметші А.И.Жұманның қару қолдану мен билікті асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған Айкоркем Мелдеханның өліміне әкеп соқтырғаны туралы (ҚР ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) қылмыстық істі қарауды бастады. Сот отырысы 26 шілдеге жоспарланған. Процестің өзі іс материалдарында жарияға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтеді. Қорғану тарапы да, жәбірленуші тарап та тиісті заң көмегімен қамтамасыз етілген, қорғаушылары бар”, - делінген хабарламада.

Бас әскери прокуратура қылмыстық процеске қатысушылардың арызы бойынша оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімделгенін жеткізді. 

“Қайтыс болған кәмелетке толмаған Айкоркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет ұсынылды. Алайда Айдос Мелдехан рұқсат жасаудан бас тартты. Оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартудың салдары ескертілді”, - делінген хабарламада.

Құзырлы органның мәліметінше, айыптау А.И.Жұманның іс-әрекетінің заңсыздығын растайтын қылмыстық іс материалдарына тіркелген (куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және басқа да дәлелдемелер) дәлелдермен қатаң негізделеді.

“Қазіргі уақытта басты сот талқылауы тағайындалды, оның барысында барлық жиналған дәлелдеме зерттеліп, баға беріледі. Сот талқылауының барысы туралы жұртшылыққа жария етуге рұқсат етілген көлемде хабардар етілетін болады”, - деп жазылған хабарламада.

Бас әскери прокуратура тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу