Қаңтарда отандық кәсіпорындар 5,7 млрд теңгеге жеміс-жидек консервілеген

908

Еліміз бойынша картоп пен орамжапырақ Ақтауда, ал қияр мен қызанақ Нұр-Сұлтанда қымбат.   

Қаңтарда отандық кәсіпорындар 5,7 млрд теңгеге жеміс-жидек консервілеген

2020 жылдың қаңтар айында отандық кәсіпорындар 5,7 млрд теңгеге жеміс-жидектер өңдеп, консервіледі деп хабарлады Еnergyprom.kz.

Бұл инфляцияны ескергенде 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3%-ға жоғары. 2019 жылы аталған салада 97,1 млрд теңгеге өнім шығарылған. Ал 2020 жылдың қаңтарында 331 тонна жеміс-жидек консервіленді. Яғни 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 егеге өскен.

Ал жеміс-жидектерден жасалған шырын өндірісі қысқарып, 5,4 млн литрге, яғни 12,6%-ға жетті. Аталған сегментте тек апельсин шырынының өндірісі 76,3%-ға артты. Ананас шырынының өндірісі керісінше 47,9%-ға төмендеді.

Сонымен қатар қазақстандық компаниялар консенвіленген жеміс-жидектерге сұранысты толық қамти алған жоқ. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар сұраныстың 66,5%-ын ғана өтеді.

Бұдан бөлек 2020 жылдың қаңтарында картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ бағасы қымбаттады. Ең жоғары баға Ақтауда тіркелген. Ал қызанақ пен қияр ең қымбат қала Нұр-Сұлтан екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу