Қаңтарда ұрланған қару тәркіленді

Алматы полициясы Жетісу облысының тұрғынынан қаңтарда ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтарда ұрланған қару тәркіленді Фото: polisia.kz

Қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқан Жетісу облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктіні қамауға алу бойынша арнайы іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы жүргізді.

"Л. есімді азаматты жеке тінту барысында қару-жарақ дүкенінен қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған тапанша тәркіленді. Мамандандырылған сот рұқсат берген тінту барысында күдіктінің үйінен тапаншаның қабы табылды және тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адамның Жетісу облысы Қаратал ауданындағы әкесінің үйіне де тінту жүргізілді. Онда 12-калибрлі ИЖ-26 тегіс ұңғылы мылтық қабымен, оған арналған оптика, пышақ және тапанша түріндегі оттық тәркіленді", – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу